Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан шығуына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) ұйымынан шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шешім ұйымның даулы қарарына байланысты қабылданса да, АҚШ-тың ЮНЕСКО құрамынан шығып, бақылаушы статусымен шектелуі өкінішті», - деп жазды Жоғарғы палата төрағасы Твиттерде.

Бұған дейін хабарланғандай, Американың мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Хезер Науэрттің бейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде атап өткендей, шешім 2018 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

«2017 жылдың 12 қазанында Мемлекеттік департамент ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковаға АҚШ-тың ұйымнан шығатыны туралы және ЮНЕСКО-да бақылаушылардың тұрақты миссиясын құруға ниетті екендігін ескертті», - делінген мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар