+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарын қабылдады

2019 жылғы 21 тамыз 19:37
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады. Аталған формат экономика, экология және қауіпсіздік салалары бойынша Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ арасындағы көпжақты өзара ықпалдастықтың тетігі саналады.


Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту, терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екі мемлекет басшылары арасындағы тікелей телефон байланысы туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Хэйл 2018 жылы қаңтарда Вашингтонда өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.


Америкалық дипломат Қазақстандағы саяси өзгерістерді, соның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын атап өтіп, оларды іске асыру үшін көмектесуге дайын екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT