Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Кролға жемісті жұмысы үшін алғыс айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Кролды оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ елшісінің екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесін атап өткен Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың осы жылдың қаңтар айында Вашингтонға жасаған ресми сапарының тарихи маңыздылығын тілге тиек етті.

Тоқаев пен Крол парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығы туралы айта келіп, оларды жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Сенаторлар, конгрессмендер және Америка Парламенті аппаратының қызметкерлері Қазақстанға қаншалықты көп келсе, АҚШ халқы Қазақстан туралы, еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы да көп білетін болады», - деп мәлімдеді Қ.Тоқаев.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің стратегиялық сипаты Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайту процесінің маңызды элементі екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар