Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қазақстандық және шетелдік журналистермен кездесуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында кезектен тыс президент сайлауының қорытындылары бойынша отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-конференциясын өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған дауыс берген барлық қазақстандықтарға ризашылығымды білдіргім келеді, бұл өте үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті арқалау - мен үшін үлкен міндет. Бұл халық сенімі. Сайлау өте жоғары деңгейде ашық әрі әділ өтті. 1 мыңнан астам халықаралық байқаушылар сайлау барысын бақылады, 350 шамасында журналистер әлемге ақпарат таратты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы кездесуде.

Сонымен қатар, Президент сайлауға қатысты барлық жағдайлар жасалғанын, кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялағанына да тоқталды.

«Осының өзі біздің азаматтарымыз ел тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Қазақстан халқы ел дамуы стратегиясының сабақтастығын қолдайды», - деді Қ. Тоқаев.

Сөз арасында Президент өткен сайлауға қатысты пікірін де білдірді.

«Сайлау әділ әрі ашық өтті деп санаймын. Сайлауға 7 кандидат қатысып, олардың барлығына да теңдей жағдайлар жасалды, мүмкіншілік берілді. Қазақстан халқы сабақтастықты қолдайды», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар