17:18, 14 Қараша 2019 | GMT +6
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақай» тігін шеберханасына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Ақмола облысына сапары барысында «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылып жатқан өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс пен өркендей беруді тіледі.
Кәсіпорын қызметкерлері Мемлекет басшысына шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.