Қасым-Жомарт Тоқаев әділет министріне бірқатар тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметі мен Мемлекет басшысының Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдадым. Заң жүйесін жетілдіру мен заң жобалары бойынша жоспарларды сапалы орындау маңызды екенін айттым. Министрлік нормалық-құқықтық актілерге сапалы сараптама жасап, еліміздің халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуі қажет», - деп жазды Мемлекет басшысы парақшасында.

Министр Мемлекет басшысына министрлік қызметінің нәтижелері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары жөнінде мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар