+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абайдың 175 жылдығын атап өту рухани дамуымыз үшін қажет

2020 жылғы 9 қаңтар 08:29
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Абайдың 175 жылдығын атап өту рухани дамуымыз үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-16 ақпан аралығындағы апталық жұмысына бейнешолу Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

Бұл туралы өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақалада Президент ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын атап өтті.

«Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты.

«Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін»,-деп жазады Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы «Egemen Qazaqstan» басылымының бүгінгі санында жарияланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT