Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды

None
None
ЖИДЕБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Жидебай ауылындағы Абайдың мұражай-үйіне және «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым ету үшін Жидебай жеріне арнайы келгенін атап өтіп, Абай мекен еткен Жидебай қыстауы - ел руханияты үшін айрықша маңызы бар қастерлі орындардың бірі екенін айтты.null

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың біртауар перзенттері Абай мен Шәкәрімнің рухына арнап құрбандық шалып, құран бағыштады», - деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Жидебайда қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым еттім. Дана Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. Негізгі мақсат - Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында.

null null null

Соңғы жаңалықтар