Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды

2019 жылғы 9 шілде 19:00 5178
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді»,-деп жазды Берік Уәли.

Оның жазуынша, Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.



Айта кетсек, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда. 

Сондай-ақ, ҚР Президенті мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT