Қасым-Жомарт Тоқаев 9 күнде 26 Жарлыққа қол қойған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айутынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 күнде 26 Жарлыққа қол қойған. Бұл туралы ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатындай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа жыл басталғалы 9 күн болды ғой. Осы 9 күннің ішінде Президент жиыны 26 Жарлыққа қол қойған екен. Оның 5-уі тағайындау туралы, 9 Өкімге қол қойған. Оның тағы да 5-уі тағайындау туралы. Сонда 10 тағайындауға қол қойған. Сондай-ақ 3 қаңтар күні 3 твит қалдырды, 4 қаңтар күні 4 твит жазып, халықпен байланысып, тікелей жолдап отырды», - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, мұның бәрі үлкен жұмыс.

«Жалпы мұның бәрі үлкен жұмыстар. Оның сыртында ресми сайтқа шыққан ақпараттарды ғана айтып отырмын. Оның сыртында қаншама тиісті органдар есеп беріп жатыр. Әкімдердің есебін алып жатыр. Былайша айтқанда, ешқандай уақыт жоқ. Бүкіл елдегі ахуалды тамыршыдай дөп басып, бақылап отыр», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.


Соңғы жаңалықтар