Қасым-Жомарт Тоқаев 35 жыл бұрын Елбасымен қалай танысқанын айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің Елбасын алғаш көр­геніме де 35 жылдың жүзі болып­ты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жыл­дың қыркүйегінде Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің Төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сон­да Үкімет басшысының қы­тай­лық­тар­мен келіссөз барысында бай­қалған мол біліміне, тоталитаризм тұсын­да қа­лып­тасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәрі­міз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызмет­керлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қос­қанымызда мен әріптестеріме қарап: «Те­гінде, біз Қазақстанның болашақ бас­шы­сымен сөйлескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас­­шы­лығына келді. Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі менің де тағдырымды ай­қын­дап берді. «Беласу» атты кіта­бымда: «Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақ­стан игі­лігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты» деп жазған болатынмын» деп жазады Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хат­­шы­­сының орынбасары болып жүргенде әлемге әйгілі саясат­кер­лердің Нұрсұлтан Назарбаевқа биік баға берген сөздерін талай ес­­­тіген.

«Халқымыз үшін мерей­лен­дім. Елдің Президентіне ғана емес, емірен­ген етене перзентіне айнала білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев қара­пайым еңбек адам­дарының отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде білім алды, еңбек жолының бастауында шойын қоры­тып шыңдалды. Өзі туып-өс­кен Алатаудың асқақ шың­дарын­дай асқаралы арманына ерте қол созды. Жастайынан жұрттың жа­йын ойлады, өзі де домбыра шер­тіп, халық мұрасын жақсы білген­діктен, зиялы қауымға жақын болды. Ұйымдастырушылық қабі­леті мен еңбекке деген ерен сүйіс­пен­шілігі жас жетекшіні басқару жүйесінің ең биік шыңына алып келді» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар