Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады»,-деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.


Соңғы жаңалықтар