+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

2021 жылғы 2 тамыз 12:41
Бөлісіңіз:
Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Ақан Сатаевтың ауқымды әрі көптен күткен жобасы - «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабы енгізілмек

«Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Біздің команданың әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев желідегі парақшасында.
Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы тарихи-патриоттық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді. Туындыдағы басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды
Фильм 16 ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі - Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды.

Еске сала кетейік, маусым айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында орналасқан тарихи фильмінің түсірілім алаңында болды.

Кейін «Қазақфильм» киностудиясы Instagram парақшасында XVI ғасырдағы Қасым хан әскері мен Шайбани жауынгерлерінің айқасы туралы көріністі жариялаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT