Каспийдің су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Енді Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың айтуынша, 2010 жылы Баку қаласында өткен Каспий жағалауы Мемлекет басшыларының үшінші саммитінің қорытындысы бойынша Үкіметаралық деңгейде қол қою туралы тапсырма жүктелген.

«Үшінші саммит барысында Елбасы Н.Назарбаев Каспий теңізінде бекіре балықтарының түрлерін аулауға бес жыл мерзімге мораторий енгізуге бастамашылық жасап, ол бастама Каспий жағалауы елдері басшыларының қолдауын тапты. Көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2014 жылғы 25 қыркүйекте Астрахан қаласында өткен төртінші Каспий саммитінде аталған құжатқа қол қойылды»,-деді министр Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, келісімнің мақсаты - Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану. Осыған орай, құжатта тараптардың ынтымақтастық жасауда ұстанатын қағидаттары айқындалып отыр.

Соңғы жаңалықтар