Каспийдің қазақстандық секторында тормен балық аулауға тыйым салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізінің қазақтандық секторында тормен балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәліметінше, қазір Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде балық аулау үшін арнайы

торлар көбірек қолданылатыны анықталып отыр. Ал, бұл жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе, ерекше қорғалатын бекіре балықтары мен итбалықтардың көбеюіне теріс әсерін тигізеді. Енді оған Балық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен 17 тамыздан бастап тыйым салынбақ.

«Атырау облысының акваториясында су кеңістігін пайдалану ережесі (Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға 50 шақырым, 3 метр тереңдікке дейін) толық сақталмайды.

Жанар-жағармай мен уақытты үнемдеу үшін немесе тиісті материалдық-техникалық базаның жоқтығынан балықшылар ережеде көрсетілгендей, Жайық өзенінің сағасынан 50 шақырым қашықта жүрмейді. Олар тікелей тыйым салынған аймақта тор құрады.

Нәтижесінде, уылдырық шашуға немесе қыстау үшін өзенге кіретін су маржандары торға түсіп жатады. Міне, соның салдарынан соңғы жылдары Жайық өзеніне қоныс аударатын жартылай өтпелі балық саны айтарлықтай азайып отыр», - дейді басқарма басшысы Артур

Сәдібекұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі күнде Жайық өзеніне бекіренің 7 млн-ға жуық шабақ жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар