Каспийдің Дағыстандағы жағалауында итбалықтардың қырылуына құс тұмауы себеп болды

None
ТАСС. ҚазАқпарат - Дағыстанда Каспий жағалауында қырылған итбалықтардан құс тұмауы анықталды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Дағыстан мемлекеттік университетінің Экология және тұрақты даму институтының директоры Алимурад Гаджиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Желтоқсан айында жағалауда табылған итбалық өлекселерінің биоүлгілерін (таңдалған) зерттеудің алғашқы қорытындыларына сәйкес, олардан құс тұмауы анықталды. А типті тұмау вирусына арналған праймерлермен ПТР қолдану зерттеулері оң нәтиже берді. Әзірге бұл тек алдын ала зерттеулер, олар әлі жалғасуда. Бірақ біз вирустың табылғанын нақты айта аламыз», - деді ол.

А.Гаджиев қазіргі уақытта штамм түрі анықталып жатқанын қосып айтты.

Бұған дейін Каспий жағалауындағы Дағыстанда Қызыл кітапқа енген 1,7 мың өлі итбалық табылғаны және оларға адам тигізген кесірінің белгілері анықталмағаны хабарланған болатын.


Видеодан алынған кадр/ t.me/tass_agency

Соңғы жаңалықтар