Каспийден Ертіске дейін: Атыраулық оқушылар Баянауылға аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атыраулық 60 оқушы Павлодардың Баянауыл ауданына кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бабабар ізімен. Каспийден Ертіске дейін" деп ұрандатқан атыраулық балалар өлкетану акциясы аясында Баянауылдағы киелі жерлерді аралайды.
 
Облыстық білім беру басқармасының  хабарлауынша, аталған акцияны жүзеге асыру үшін арнайы туристік жоспар құрылып, тарихи жерлер мен мәдениет орталарын аралау бағыты құрылды.

«Атыраулық оқушылар Баянауыл ауданының киелі жерлерін аралайды. Балалардың демалыс  бағдарламасына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мавзолейіне, Жасыбай батырдың ескерткіші мен Жасыбай өзеніне бару, Қоңыр Әулие үңгірін аралау, қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштермен танысу сияқты шаралар енгізілген. Аталмыш шара  Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген қазақтың ақын-жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр», - дейді мамандар. 

Соңғы жаңалықтар