Каспийдегі қайғылы оқиға: Төрт адам суға батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 тамызда кешке қарай Каспийде екі қайғылы оқиға болды. Құрық ауылында үш жасөспірім және Кендірлі ауданында 28 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, 5 тамызда сағат 18:15-те Құрық ауылында 2002 жылы туған екі қыз бен 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті. Қазір олардың денелерін іздестіруге 10 құтқарушы мен екі қайық жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Кендірлідегі «Самал» демалыс орталығында тағы бір қайғылы оқиға болды. Онда 1991 жылы туған ер азаматтың денесін туыстары судан шығарып алды.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ақтауда ер адам «Шора» су ағытқышына батып кеткен болатын. Сонымен қатар, төрт адамнан тұратын отбасын теңіз жағалауында суға батып бара жатқан жерінен құтқарушылар аман алып қалды.

Соңғы жаңалықтар