Каспийде туристік кеменің қатынауы болашақтың еншісінде - Ноғаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Каспийде туристік кеменің қатынауы болашақтың еншісінде. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Нұрлан Ноғаевтан өңірге туристер тарту үшін Каспий теңізінде кеме қатынасы қашан жолға қойылатындығын сұраған едік.

«Бұл болшақтың ісі. Оған кедергі болып тұрған мәселе – Каспий теңізі суы деңгейінің төмендеуі. Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Қазір теңіз біраз жағалаудан кетті. Бірақ статистикалық деректерге сәйкес, мұндай жайт 1974 жылы болған екен. Теңіз толқып тұрады. Ал 90-шы жылдардың басында басқа мәселе орын алған. Төменгі шағын аудандарда көлік жүретін жолдарды, үйлердің жертөлерін су басқан», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысы Маңғыстау облысында туризмді дамытуға ниетті кез келген кәсіпкерге қолдау көрсетуге дайын екендіктерін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар