Каспийде шомылу маусымы басталғалы 14 адам суға кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспийде шомылу маусымы басталғалы 14 адам суға батып кетті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД-дан.

Бұл ретте, осы сан өткен жылғыдан екі есе артық болып отыр. 2014 жылдың 7 айында Каспийде 6 адам суға кеткен.

«Су-құтқару қызметі қауырт режимде жұмыс істеп отыр. Штатта диспетчерлерді қоса есептегенде небәрі 18 қызметкер бар. Қызметкерлер демалушыларға суға шомылған кезде ұстануы тиіс ережелер жазылған үнпарақтарды таратып отырады. Соңғы күндері олар уақытылы көмек көрсетіп, бірнеше демалушының өмірін құтқарып қалды.

2015 жылдың шомылу маусымында құтқарылған адамдардың жалпы саны 19 адамды құрап отыр. Өткен жылы ажалдан аман қалғандардың саны 5 адам болған», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің бас құтқарушысы Күнсұлу Түбекбаева.

Жазғы уақытта теңіздің аса қауіпті учаскелерінде кезекшілік жүргізетін жылжымалы құтқару бекеттері ашылған. Шомылуға тыйым салынған орындар бар, бірақ оған және қойылған ескерту белгілеріне қарамастан, адамдар онда шомылып жүр.

Соңғы жаңалықтар