+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты министрлік пікір білдірді

2020 жылғы 7 шілде 09:18
Бөлісіңіз:
Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты министрлік пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап берді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Каспий теңізінде итбалыққа тас лақтырған адамдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 шілде күні Инстаграм әлеуметтік желісінде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырып жатқаны туралы видео-сторис пайда болды.

Видеода көрініп тұрғандай, итбалық адамдарға шабуыл жасау ниетінсіз, қызық көріп жақындаған. Жас әрі ұшқалақ. Итбалықтардың табиғатынан айналаға қызығушылығы жоғары және олар қауіпті емес. Бірақ әрбір жыртқыш жануар өзіне шабуыл жасаса агрессия көрсете алады. Өкінішке қарай, отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап беріп, тас лақтырған», - деп жазды С.Ділдахмет Facebook-те.

Комитет өкілі азаматтарды табиғатты аялауға шақырды.

«Өзге елдерде дельфиндер, итбалықтар, морждар, тіпті акулалар адамдарға жақын жерде жүреді. Және барлығы бұған үйреніп алған. Достар! Бірлікте өмір сүрейік және табиғатты аялайық. Адам болыңыз!», - деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT