+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Каспийде итбалық тұқымы құрып барады - вице-министр

2019 жылғы 19 маусым 17:22
Бөлісіңіз:
Каспийде итбалық тұқымы құрып барады - вице-министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каспий теңізінде итбалықтар саны жылдан-жылға азайып барады. Бұл туралы бүгін Сенаттағы «Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий итбалығын қорғау бойынша шаралар қажет деп санаймын. Қазіргі уақытта түрлі дерек мәліметтеріне сәйкес, оның тұқымы 100 мың бастан аспайды және жылдан-жылға төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл қатты алаңдаушылық тудырады», - деді Ерлан Нысанбаев.

Сонымен қатар ол еліміздің биологиялық алуантүрлілігін сақтаудың ілкімді тетіктерінің бірі айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды құру болып саналатындығын баса айтты.

«Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстанда айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі айтарлықтай өсті және бүгінгі күні 26,2 млн гектарды немесе ел аумағының 9,6 пайызын құрайды. Өткен жылды қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту аясында екі айрықша қорғалатын аумақ құрылды. Олар - ШҚО-дағы Тарбағатай ұлттық паркі мен Алматы облысындағы Іле-Балқаш табиғи резерваты. Биыл Барсекелмес қорығының аумағын 2,3 мың гектарға және Бурабай ұлттық паркін 3,2 мың гектарға кеңейту жұмыстары басталды», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT