Каспий жағасында электронды қызметтер түсіндірілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық ХҚО қызметкерлері теңіз жағалауында қала тұрғындары цифрлы жүйенің мүмкіндіктерімен кеңінен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі туралы ақпараттар берілді.

«Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 742 қызметтің 635-і мемлекеттік корпорация арқылы, ал 532-і электронды түрде қолжетімді. 2018 жылдан бастап Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы @egovkzbot қызметіне жүгіну мүмкіндігі туды. Халық арасында танымал телеграмбот 25 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мұның бәрі азаматтардың ыңғайлығы үшін жасалып жатқан жұмыстар, тіпті өз уақытыңызды үнемдей аласыз, тек қана цифрлы жүйенің мүмкіндіктерін пайдалана білсеңіз болды. Ал біздер өз тарапымыздан халықтың цифрлық сауат ашу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының МОФ баспасөз хатшысы Бағила Жарланова.

Айта кетейік, ХҚО қызметкерлері аталған шара бойынша Маңғыстау-Болашақ бағытындағы пойыз жолаушыларына цифрлық сауат ашу түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

Соңғы жаңалықтар