Каспий жағалауындағы өртенген қамысты сөндіру жұмыстары жалғасуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген барлау жұмыстары барысында 7 өртеніп жатқан жер табылды. Қабылданған шаралардың арқасында алдын ала 1 гектар алаңда үш ошақ сөндірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

Өртке байланысты ТЖД-да жедел штаб құрылды. Түтінге қарамастан елді мекендерге қауіп жоқ.

Батпақты жерлер мен оңтүстік-шығыстан​ секундына 21 метр жылдамдықпен соққан жел өртті сөндіруді қиындатты. Сонымен қатар арнайы техниканың баруы қиынға соқты, өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылады.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамысты сөндіруге жеке құрамнан 33 адам, 9 бірлік техника бар облыстық ТЖД, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 25 қызметкер және 6 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, 10 қазан күні Каспий жағалауындағы батпақты жерде шіріген шөп пен қамыс өртене бастаған болатын.



Соңғы жаңалықтар