Каспий жағалауындағы өрт «Ақжайық» табиғи резерватының аумағына таралды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Каспий жағалауындағы өрт табиғи резерват аумағына таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан хабарланды.

Атыраудан 30 шақырым қашықтықта Каспий жағалауындағы өрт резерваттың буферлік аймағына жетті. Бұл Зарослый мен Приморский каналдары арасындағы аумақ.

Қазір өртті сөндіруге қорықтың 25 қызметкері кірісті. Мотосорғысы бар төрт қайық, екі өрт сөндіретін және төрт жол таңдамайтын көлік жұмылдырылған. Өртті өңірдің ТЖД бөлімшелері де сөндіріп жатыр.

Еске сала кетсек, 10 қазанда Каспий жағалауындағы қамыс өртене бастады. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген барлау жұмыстары барысында өрттің 7 ошағы табылды.

Айта кетерлігі, тамыз айының соңында Каспий теңізінің жағалауында өрт шыққан болатын.


Авторы Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар