Каспий жағалауындағы өрт 5 күннен кейін сөндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 5 күн бойы жалындаған дала өрті сөндірілді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Өртпен күреске Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің 49 қызметкері, 7 техникасы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Жұмыс барысында тікұшақ 87 тонна көлемінде 29 рет су шашты», - деді министрліктен.

Еске сала кетсек, бүгін ғана Каспий жағалауы 5 күннен бері өртеніп жатқаны хабарланған болатын.

10 қазанда күндіз Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінде Каспий теңізі жағалауының батпақты жерінде қамыс тұтанған болатын. Өрт ошақтары анықталғаннан кейін дереу оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілген еді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер желдің күшеюіне, сондай-ақ батпақты жермен және өсімдіктердің қалың өсуіне байланысты қиын жағдайларда отпен күресті. Техниканың өту қиындығынан жалынды сөндіруге авиация пайдаланылды.




Соңғы жаңалықтар