+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Каспий жағалауында озық үлгідегі құтқару стансасы ашылды

2021 жылғы 30 шілде 18:25
Бөлісіңіз:
Каспий жағалауында озық үлгідегі құтқару стансасы ашылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда озық үлгідегі суда құтқару стансасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа нысан Маңғыстау облысындағы барлық суда құтқару бөлімшелерінің орталығы ретінде жұмыс істейтін болады.

Каспий жағалауында орналасқан жаңа суда құтқару станциясының ашылу салтанатына қатысқан Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, құтқару қызметінің жұмысын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

«Көптен күткен суда құтқару станциясын салу қажеттілігі жағалау аймағында болып жатқан төтенше жағдайларға тұрақты әзірлікті және жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында туындады. Теңіз жағалауындағы демалыс орындары да, өңірге келіп, жағажайда демалушылардың да саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл орталықтың маңызы зор болмақ. Құтқарушылардың алаңсыз қызмет етуіне мұнда барлық жағдай жасалған»,-деді облыс басшысы.

Станция жылдам жүретін құтқару катерлерімен, сүңгуір және суда құтқару жабдықтарымен, автокөліктермен және жүзу құралдарымен жабдықталған.

«Бұл стансаның ашылуын көптен күттік. Осыған дейін тар бөлмеде отырсақ, енді заман талабына сай, ішінде құтқарушылар үшін барлық жағдай жасалған ғимаратқа қоныс аудардық»,-дейді жедел-құтқару жасағының басшысы Назар Ізтілеуов.

Биыл суға түсу маусымы басталғалы өңірде 9 адам суға кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT