Каспий жағалауында қамыс өртенді

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ.ҚазАқпарат – Атырауда Каспий теңізі жағалауындағы қамыстар өртенді. Соның салдарынан бір көлік пен қайық жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қазан күні Каспий жағалауындағы батпақты жерде шіріген шөп пен қамыс өртенді. Қазіргі таңда жалын шарпыған аймақтың көлемі анықталып жатыр. Өрт теңізге қарай өршіп барады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт салдарынан «ВАЗ-21214» маркілі көлік пен «Фрегат» резина қайығы жанып кетті. Оқиға орнына автоцистерна мен жол талғамайтын «Трэкол» көлігіі және ТЖМ-нің 11 қызметкері жетті»,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт кешкісін сөндірілген.

Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар