+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Каспий жағалауында екі аптадан бері өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді

2020 жылғы 6 қыркүйек 10:11
Бөлісіңіз:
Каспий жағалауында екі аптадан бері өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы Атырау облысындағы өртенген қамысқа 30 тонна су шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды Оралда көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам эвакуацияланды Жыл басынан бері елордада 19 автокөлік өртенді: ТЖД жүргізушілерге ескерту жасады

Комитеттің мәліметінше, Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-17 тікұшағы отқа оранған аумаққа 3 тоннадан 10 мәрте су шашты.

Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, өртті сөндіру жұмысы жалғасуда.

Қызыл жалынның ошақтары жеке-жеке орналасқан. Оқиға орны - батпақты, өсімдіктері биік. Соның салдарынан тілсіз жаудың бетін қайтару қиындап отыр. Ол жерге арнайы техника өте алмайды.

Болжам бойынша, жалын шарпыған аумақ - 110 га.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT