+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді

2021 жылғы 15 қазан 14:18
Бөлісіңіз:
Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 230 мыңнан астам адам алды Қызылордалық полицей отқа оранған үйден газ баллонын алып шықты Атырауда браконьерлер табиғатқа 1,5 млрд мың теңге шығын келтірген

Бұдан бұрын Атырау облысында Каспий жағалауындағы батпақта қамыс жанып жатқанын

жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қамыс өрті 5 қазанда Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылынан 60 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында тұтанған. Ал, 7 қазанда қамыс өртін сөндіру үшін су шашатын ВСУ-5 құрылғысы бар «Ми-871» тікұшағы тартылды. Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен Құрманғазы аудандық бөлімінен құтқарушылар жұмылдырылды.

Кейін жану ошағына жақын орналасқан су көзін іздеу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ батыс өңірлік филиалының «МИ-871» тікұшағы сағат 12:12-де әуеге көтерілді. Экипаж 5 шақырым қашықта орналасқан су қоймасын тапқан. «МИ-871» тікұшағының ВСУ-5 су ағызу құрылғысымен жану ошақтарына әуеден 30 тонна су төгілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 11 қазанда жергілікті уақытпен сағат 12:00-ге дейін жағалаудағы қамыс өртінің екі фронтальды жану ошағы анықталғанын мәлім етті. Сол күні Каспий жағалауындағы 550 гектар аумақта қамыс жанғаны анықталды. Тікұшақтың су шашу құрылғысымен 21 рет су төгілді. Жалынды сөндіру үшін төгілген судың мөлшері 63 тоннаны құраған.

Кеше, 14 қазанда сағат 17.30-да Каспий теңізінің жағалауында қамыс өрті толығымен жойылды.

«Қамыс өртінен зардап шеккендер жоқ. Жағалаудағы өрт аумағы 550 гектар аумақты құрады. Су ағызу құрылғысы бар тікұшақтың көмегімен 35 гектарда жанған жалын сөндірілді. Жеке құрамның күшімен 272 гектарды шарпыған өрт жойылды. Ал, 243 гектардың өрті өздігінен сөнді. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошағына 63 тоннадан астам су төгілді» -деп мәлім департаменттің баспасөз қызметінен.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 34 адам, 5 техника, 4 мотосорғыш, 1 генератор, 40 жең, 1 үрлемелі шатыр, сондай-ақ, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің 1 John Deere-6135b тракторы мен 1 қызметкері, «Қазавиақұтқару» АҚ-дан МИ-871 тікұшағы мен 5 адам тартылған.

Құрманғазы ауданының әкімдігі қамыс өртін сөндірушшілерге азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май жеткізуді ұйымдастырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT