+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Каспий теңізінің жағалауына қоқиқаздар ұшып келді

2021 жылғы 23 қазан 00:40
Бөлісіңіз:
Каспий теңізінің жағалауына қоқиқаздар ұшып келді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы резерватқа қоқиқаздар ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының орнитологы Илья Бофоновтың айтуынша, қоқиқаздар Каспий теңізінің жағалауында байқалған.

«Бұл құс жыл сайын күзде резерват аумағы арқылы ұшады. Кейде өте көп жиналады. Қызғылт қоқиқаздар Оңтүстік Иран, Ирак, Үндістан, Франция мен Африка елдеріне дейін ұшады. Сол себептен, біздің резерваттың аумағына аялдап, демалады әрі қоректенеді. Бір ерекшелігі, қоқиқаздар бағытын ешқашан өзгертпейді» - дейді Илья Бофонов.

Оның дерегіне сүйенсек, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты Үкіметтің 2009 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен құрылған. 2009 жылғы 1 сәуірде Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасындағы резерват аумағы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасының тереңдігі өлшенгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT