Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген

2019 жылғы 10 сәуір 18:33 1323
Бөлісіңіз:
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен мұнай қалдықтары анықталды. Маңғыстаудағы Баутино ауылының жағалауында  2 шаршы метр аумақ ластанған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экология департаментінің мамандары ол жерді қоршауға алып, мұнайдың одан әрі жайылуына бөгет жасады. Жағалауда жүрген тұрғындар бұл жағдайды түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Қазір экология департаментінің мамандары аумақтың кімге тиесілі екенін және қандай экологиялық зардабы бар екенін тексеруді бастап кетті.

«Жағадағы батып кеткен кемені көтеру кезінде аз ғана мұнай өнімдері теңізге төгілгені туралы хабарлама түсті. Сондықтан, экологиялық бақылау мемлекеттік инспекторлары мен лаборатория мамандары бірлесіп, аталған оқиға орнына барып қайтты. Тиісті сынамалар алынды. Кінәлі тұлғаларды анықтап жатырмыз. Соған сәйкес жоспардан тыс тексеріс жүргізу көзделіп отыр», - дейді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Руслан Төкенов.


Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген 
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген 
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT