Каспий теңізінің экологиясы оның жағасындағы бес мемлекет үшін өте маңызды - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Серікбай Трұмов, Сүйіндік Алдашев және Бақтыбай Шелпеков Ақтауда халықаралық «Каспий-2022» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында Каспий теңізінің жай-күйін, экологиялық проблемаларды тиімді шешу және бірегей теңіз флорасы мен фаунасын сақтау мәселелерін талқыланды.

Кездесуде сенаторлар Каспий теңізінің маңызына назар аударып, оның экологиялық жағдайын қорғау және сақтау жағасындағы мемлекеттердің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.

«Каспий теңізінің экологиясы оның жағасында орналасқан бес мемлекет үшін өте маңызды. Біздің міндетіміз – әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қоршаған ортаны қорғау және теңізге кері әсерін тигізетін факторларды азайту. Қызыл кітапқа енгізілген Каспий итбалығының тағдыры да өте өзекті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше назар аударып, өзінің жеке бақылауында болатынын айтқаны белгілі», – деді Серікбай Трұмов.

Айта кетейік, Каспий итбалығын қорғауды күшейту үшін Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен Қызыл кітапқа енген.



Соңғы жаңалықтар