Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде жарылыс болды

None
None
БАКУ. Trend - ҚазАқпарат – Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

«Каспий теңізіндегі жарылысқа байланысты Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар миристрлігі мен Сейсмологиялық қызметтің республикалық орталығы тарапынан тексеру жүргізілуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Ресми органның хабарлауынша, мамандардың алдын-ала нұсқасы бойынша, жарылысқа жанартаудың атқылауы себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар