Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауының бір бөлігі қара түске боялды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жағалауының қара түске боялғаны көрсетілген бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық экология департаменті теңіз суының өзгеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент мамандары 4 а шағынауданы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.

«Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Мамандар қазір 4 а шағынауданындағы теңіз жағалауын ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдады.


Соңғы жаңалықтар