+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар табылды

2019 жылғы 5 желтоқсан 14:23
Бөлісіңіз:
Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 желтоқсан күні Исатай ауданында, Забурнье ауылынан 25 шақырым қашықтықта, Каспий теңізі жағалауынан шамамен 16 шақырым жерде 10 балықшының мұз үстінде қалғаны белгілі болды. Ауа райының қолайсыздығынан олар жағаға қайта алмаған. Іздеу-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, ҰҚК ШҚ 2201 «г» әскери бөлімі қатысты. Жалпы 7 техника мен жеке құрамдағы 20 адам атсалысты. Кешке қарай балықшылар табылып, жағаға жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарылған балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT