Каспий теңізінде жоғалған балықшыларды тікұшақпен іздеп жатыр

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқарат – Каспий теңізінде жоғалған балықшыларды 17 құтқарушы, волонтерлар мен жоғалғандардың туыстары іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«30 сәуірге қараған түні 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы темір қайықпен теңізге балық алауға шығып, содан оралған жоқ. Каспий теңізінің жағалауында Ақшұкыр ауылының маңында іздеу жұмыстарына қайықтармен 17 құтқарушы кірісті. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына ҚР Теңіз әскери күштерінің 29011 әскери бөлімінің «Орал» қарауыл кемесі жұмылдырылды. Жоғалғандарды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казавиаспас» АҚ –ның құтқарушылары Ми-870 тікұшағымен де іздеп жатыр. Тікұшақтың бортында ТЖМ-нің 4 өкілі мен жоғалғандардың туысы бар», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Осыған дейін балықшылардың Павлодар облысында Ертіс өзенінде жоғалғаны хабарланған болатын. Кейінірек олараман-есен табылды.


Соңғы жаңалықтар