АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні 19:00 шамасында Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп жазады Trend.
Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясы сейсмологиялық қызмет орталығының директоры Гурбан Етирмишлидің айтуынша, үш балдық жер сілкінісі тіркелген. Магнитудасы 2,7, тереңдігі - 5 километр.
Оның айтуынша, Сумгайытта жерасты дүмпуі баяу ғана сезілген.