Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 57 браконьер ұсталып, 1,2 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулауды кәсіп қылған браконьерлердің заңсыз әрекетінің алдын алу үшін көлемді операция өткізіп жатыр. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

2020 жылғы 1-24 сәуір аралығында теңізші-шекарашылар Каспий теңізінде 33 шағын жүзу кемесінен 57 құқық бұзушыны ұстады. 190 шақырымнан астам браконьерлік ау, «каллада» тәрізді қармақты торкөз тәркіленді.

« Жедел іс-шара нәтижесінде 1 239 915 теңге сомасында айыппұл салынды. Барлығы 679 бекіре мен 4 235 ерекше асыл тұқымды балық түрлері теңізге жіберілді. Мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірудің алды алынды « делінген хабарламада .

Теңіз шекарашыларының операциясы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар