Каспий теңізінде шекарашылар 3 қайық пен 1 теплоходты ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекарашылар Каспий теңізінде шекара тәртібін бұзған 2 шағын және 1 үрлеме қайықты, 1 теплоходты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-8 сәуір аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» мен «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты шекаралық кеме мен катерлер, шекара жасақтары еліміздің теңіздегі шекарасын күзету барысында шекара тәртібін, аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандығы үшін 8 адамды ұстап, «Байда» типтес 2 шағын қайық, 1 резіңке қайық, 1 теплоходты қолға түсірді», делінген хабарламада.

Теңізден заңсыз құрылған 3 000 шаршы метр ау жиналды. Шекарашылар осылайша бекіре балық мен итбалықты құтқарып қалды.

«Мемлекетке қайтарылған шығын - 10 986 275 теңге. Сонымен бірге 150 мың теңгеден астам айыппұлдар салынды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар