Каспий теңізінде Қазақстан туымен катер жүрді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің мемлекеттік рәміздер күніне орай Каспий теңізінде Қазақстан туымен катер жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл видео отандастарымыздың отансүйгіштік деңгейін көрсетті. Теңізде саяхатта қызметін көрсететін кәсіпкер өзі бастама жасап, Қазақстаннң мемлекеттік рәсімдер күнін мерекелеу құрметіне орай осындай акция ұйымдастырды», - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.



Соңғы жаңалықтар