Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

None
Фото: Anadolu Agency
БАКУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізінде тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығына сілтеме жасап.

Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметінше, Каспий теңізінде (Дағыстан аумағында) жергілікті уақытпен 13:19-да магнитудасы 3,3 жерасты дүмпуі тіркелген. Зілзала эпицентрі 66 км тереңдікте.

Бұл – осымен екінші рет болған жер сілкінісі. Магнитудасы 3,5 болатын бірінші зілзала жергілікті уақыт бойынша 10:31-де Каспий теңізінде Түркіменстанмен шекарада тіркелген еді. Жер сілкінісінің эпицентрі 63 км тереңдікте болған.


Соңғы жаңалықтар