Каспий теңізінде балық аулайтын кемелер санын көбейту керек - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізінде балық аулайтын кемелер санын көбейту керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Балық аулау флотының кемелерінің тарифтері мұнай танкерлері мен құрғақ жүк су көлігіне қойылатын талаптармен бірдей (портқа бір кіру төлемі шамамен 500 мың теңге). Егер майшабақ өнімдерінің өзіндік құнының төмен бағасын ескерсек, бұл тариф олар үшін қымбатқа түседі. Сондықтан Каспий теңізіндегі балық түрлерін аулауды игеру үшін заңнамалық деңгейде теңіз флотына жеңілдікпен несие бөлу немесе кемені лизинг жолымен сатып алу мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ порт қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесін пысықтау керек», - деді С. Брекешев.

Сонымен қатар ол саладағы инспекцияларды құралдармен және жабдықтармен толығымен жарақтандыру үшін алдағы 3 жылға қосымша 8 млрд теңге қажет екенін айтты

«Бұл өз кезегінде браконьерлермен күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

Балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке қамалуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар