«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су үсті кемелері экипажы мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауы туралы Ереженің жобасы РФ ӘТФ-ның Бас қолбасшылығына жіберілді.

«Су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауын өткізу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған», деп жазады Ресейдің «Военно-промышленный курьер» газеті жазады.

ТМД мемлекеттері Қарулы күштерінің су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы «Каспий теңізі-2015» байқауы ресейлік тараптың бастамасымен өткізілмек.

Байқауға қатысушы мемлекеттердің флоттарының бір негізгі және бір резервтік кемелері, теңіз жаяу әскерінің бір бөлімшесі жіберіледі.

Байқау үш кезеңнен тұрады: біріншісі - «Каспий дербиі» (теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамының арасында өткізіледі), екіншісі - «Каспий кубогы» су үстімен жүретін кемелер экипаждарының арасында өткізіледі. Үшінші кезең - «Спорттық», оған байқауға қатысушы елдердің теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы және су үстімен жүретін кемелердің экипаждары қатысады.

Соңғы жаңалықтар