Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді
2022 жылғы 29 маусым 19:42

Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Жетінші Каспий саммиті келісілген мерзімде Иран Ислам Республикасында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрікменстанда бүгін алтыншы Каспий саммиті өтті, оның коммюникесі жарияланды.

Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды. Сондай-ақ экологиялық проблемаларды Жайық өзені мен итбалықтардың қырылуы мәселесін де сөз етті. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын айтты.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT