Каспий мен Қара теңізді жалғайтын су арнасы салына ма
Оның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұндай арнаны салу туралы ұсыныстар айтылған. Қазіргі уақытта бұл жобаны іске асыруға аса құлшыныс танытып отырғандар байқалмайды.
«Шын мәнінде, Каспий теңізі - бірегей экожүйесі бар нәзік әрі тұйық су қоймасы. Каспий теңізін шартты түрде Қара теңізбен байланыстыруға қатысты қандай да бір жобаны немесе ирандық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бес мемлекеттің келісімін алып, тиісті экологиялық сараптама жүргізу қажет. Мұнда жобаның экономикалық тұрғыда қаншалықты орынды екені, экологиялық қауіптердің қаншалықты үлкен екені маңызды. Менің ойымша, мұны мамандар зерделеуі тиіс», - З. Аманжолова Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу туралы баспасөз мәслихатында.
ҚР СІМ өкілі қазіргі уақытта Каспий теңізін қорғау мәселелері бойынша 2003 жылғы Тегеран конвенциясы мен сәйкес хаттамалар жұмыс істейтінін еске салды.
12 тамыз күні Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Конвенцияда теңізге қатысты Каспий маңы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастың барлық құқықтық аспектілері қарастырылған.