Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Каспий мәртебесі конвенциясы жаңа мүмкіндіктерді береді - Әзербайжан президенті

2018 жылғы 12 тамыз 19:28 1215
Бөлісіңіз:
Каспий мәртебесі конвенциясы жаңа мүмкіндіктерді береді - Әзербайжан президенті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Ақтау саммитінде қол қойылған Конвенцияның мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев пен Путин Душанбеде болатын ТМД саммитінің мәселелерін талқылады 5 елдің президенттері бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты

«Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою - тарихи маңыздылыққа ие. Бұл құжатты дайындаудың барлық кезеңінде Әзербайжан тарапы конструктивті түрде жұмыс істеп, өзге де Каспий маңы елдері секілді өзіміздің үлесімізді қостық. Сондықтан бүгін аталған маңызды құжатқа қол қою үшін қолайлы жағдай жасалғанына әріптестеріме алғысымды айтамын. Негізі, осы конвенцияға дейін де Каспий тұрақтылық пен қауіпсіздіктің теңізі болды. Атап айтқанда, Каспийдегі қауіпсіздіке біздің қарым-қатынастарымыз кепілдік берді, яғни екіжақты әрі көпжақты байланыстарды баршамыз достық  негізде жүргіздік», - деді ол.

Оның пайымынша, Каспий маңы елдері арасында ынтымақтастықтың, өзара сенімнің жоғары деңгейі қалыптасқан. Сондықтан бұл қатынастар ары қарай да қауіпсіздік пен тұрақтылықтың басты кепілдігі болады.

«Енді Каспийдегі қауіпсіздік біз қол қойған Конвенциямен айқындалады. Әрине, бұл өз кезегінде өзара тығыз іс-қимылдарға тиімді перспективаларды ашады. Сонымен қатар, экономикалық әрі көліктік мәселелерді шешуге тың серпін беріледі», - деді И. Әлиев.

Оның атап өтуінше, Әзербайжан Үкіметі Каспий теңізінің ластануына тосқауыл қою шараларын іске асыруда.

«Әсіресе, мұнай-газ операцияларын іске асыру кезінде экология талаптарына мән беріп келеміз. Тәуелсіздік кезеңінде біздің ел тарапынан жүргізілген жер қойнауын пайдалану шаралары халықаралық стандарттарға сәйкес атқарылып келеді», - деді Әзербайжан басшысы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. 

Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның маңыздылығын түсіндірді. 

Айте кетейік, Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңіздегі биоресурстарды қорғауға арналған бесжақты құжатты бекітуді ұсынды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат