Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары Ақтауда кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары кездесетін күнді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Каспий маңындағы барлық бес мемлекеттің - Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркменстанның сыртқы саяси ведомстволары бесінші Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын бастап кетті. Саммит 12 тамыз күні Ақтау қаласында өтеді», - деді Қайрат Әбдірахманов Үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында.  

Оның айтуынша, барлық мемлекеттер саммитке қатысатындығын растаған.

Соңғы жаңалықтар