Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтау саммиті басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда бес ел президенттерінің қатысуымен Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтаудағы «Достық үйінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинді, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Иран Президенті Хасан Руханиді және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедовті күтіп алды. ҚР Президенті Н. Назарбаев саммит барысында бес тараппен келісілген күн тәртібі бойынша негізгі үш мәселе қаралатынын атап өтті. Атап айтқанда, олар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, Каспийдегі ынтымақтастық мәселелері, аймақтық және халықаралық тақырыптарды қамтиды. 

Бүгінде Ақтау саммиті деп аталып кеткен бұл маңызды шара барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан тарапынан 150-ден астам, ал шетелден 200-ден артық тілшілер Ақтау саммитіне тіркеуден өткен. Қазіргі сәтте баспасөз орталығына Каспий маңы елдері құрамындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдары жиналды. Сонымен қатар, Ақтау саммитінен ақпарат тарату үшін шаһарға Еуропа мен араб елдерінің, АҚШ-тың, Қытайдың беделді телеарналары, ақпарат агенттігі өкілдері келді. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында «ҚазАқпаратта» жарияланған сұхбатта ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықталатын кездесу туралы өз пікірін білдірген еді. 

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын әзірлеу бесжақты форматта жүргізілді және онда көрсетілген барлық тұжырымдамалар мен ережелер консенсус негізінде қабылданды.

«Біздің пікірімізше, бұл құжат өте теңдестірілген және онда келіссөздер процесінің барлық қатысушыларының мүдделері ескерілген», - деді Қ. Әбдірахманов.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар