Каспий маңы елдерінің СІМ басшылары Ақтау саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпрат - Ақтау қаласында Y Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кеңестің жұмысына Әзербайжанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі «Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады.

«Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселелер бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады», - деді Қ.Әбдірахманов. Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қоюға жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.

null

Соңғы жаңалықтар